2025 жылы ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 52 аудиторлық іс-шара өткізді. Аудит жұмысында 20 478,9 млн теңге бюджет қаражаты қамтылды. Қамтылған бюджет қаражатынан жалпы сомасы 19 861,9 млн теңгеге қаржы бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар жалпы сомасы 13 396,6 млн теңгені құрады.
Департамент бақылаудың келесі негізгі бағыттары бойынша сапалы оң динамикаға қол жеткізді:
Сәйкестік аудиті бойынша анықталған бұзушылықтар көлемі 8,5%-ға (5 194,2 млн теңгеден 5 637,9 млн теңгеге дейін) өсті, бұл бақылау іс-шараларының нәтижелілігін, атаулылығын және «нысаналылығын» арттыруды айғақтайды.
Сондай-ақ, 2025 жылы баланс валютасы 58,1 млрд теңгені қамтитын екі бюджеттік бағдарлама әкімшісінде қаржылық есептілік аудиті аяқталды. Аудит нәтижелері бойынша елеулі қателерсіз сенімді қаржылық есептілік жасалды және оң аудиторлық есеп қабылданды. Бұл қаржылық тәртіпті нығайтудың және аудит объектілерінде есеп жүргізу сапасын арттырудың жалпы үрдісін көрсетеді және механизмдердің тиімді жұмыс істейтінін көрсетеді.
2025 жылы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы бұзылып, 2068,7 млн теңгені құрады. 2025 жылы қабылданған шаралармен 2 850,1 млн теңге өтелді және қалпына келтірілді. 47 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке және 41 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 26,9 млн теңге сомасына айыппұл салынды. Оның 24,3 млн теңгесі (немесе 90,2 %) өндірілді.
Қорыта айтқанда, есепті кезеңде ішкі мемлекеттік аудит органы жұмысының негізгі көрсеткіштері бойынша тұрақты оң динамика байқалады.