Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті аудиторлық іс-шаралар барысында бірқатар қаржылық заң бұзушылықтарды анықтады

Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті КВр-2,0-Вектор маркалы су жылыту қазандықтарын (6 дана) сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану мәселесі бойынша ішкі мемлекеттік аудит жүргізді. Аудит барысында Қазақстан Республикасы бюджет және өзге де заңнамасы нормалары талаптарының сақталуы зерделенді.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік аудиттің негізгі мақсаты – бюджет қаражатын, мемлекет активтерін және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру.

Тексеру нәтижесінде 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі талаптарынан ауытқулар анықталды. Атап айтқанда, аудит объектісі жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер аясында тауарлардың жеткізілуін, орындалған жұмыстардың және (немесе) көрсетілген қызметтердің нақты орындалуын тиісті деңгейде растамаған. Соның салдарынан су жылыту қазандықтарын сатып алу және орнату бойынша орындалған жұмыстар актілері негізінде бюджет қаражатының негізсіз төленуіне жол берілген.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары бұзылғаны анықталды. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбестен, «КВр-2,0-Вектор су жылыту қазандықтарын 6 дана көлемінде сатып алу» бойынша шарт қағаз жеткізгіште негізсіз жасалған.

Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша департамент тарапынан аудит объектісінің атына нұсқама шығарылып, бюджетке келтірілген залалды өтеу (аудару) жөнінде тиісті шаралар қабылдау міндеттелді. Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзған лауазымды тұлғаларға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 207-бабы 11-бөлігі негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде аудит объектісі 2,9 млн. теңге сомасын аудандық бюджетке аудару арқылы өтеді.

Осылайша, Қазақстан Республикасы бюджет және өзге де заңнамасы талаптарынан анықталған ауытқулар жойылып, жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.

 

 

 

Дата публикации
26 февраля 2026
Дата обновления
27 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы