2025 жылы Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік сатып алу саласындағы камералды бақылау жұмыстарын қорытындылады. Нәтижелер атқарылған жұмыстың ауқымын ғана емес, сонымен қатар тапсырыс берушілер тарапынан назар аударуды талап ететін жүйелі мәселелердің бар екенін көрсетті.
Камералды бақылау Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі және ең алдымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалғанға дейін тәуекелдерді уақтылы анықтау, аудит объектілеріне бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру және сол арқылы әкімшілік жүктемені азайту. Мұндай тәсіл рәсімдерді жоспарлау және өткізу кезеңінде түзетуге мүмкіндік беріп, қаржылық шығындар мен сот дауларының алдын алуға жағдай жасайды.
2025 жылы камералды бақылаумен жалпы сомасы 199 млрд теңгені құрайтын 7 130 мемлекеттік сатып алу (лот) қамтылды. 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 11,1 млрд теңге сомасына 826 лот бойынша бұзушылықтар анықталды. Әрбір анықталған факт бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жолданды.
Сатып алу тәсілдері бойынша көрсеткіштер төмендегідей:
Бұл деректер құқық бұзушылықтардың мемлекеттік сатып алудың барлық тәсілдері бойынша орын алатынын көрсетеді. Алайда ең жоғары үлес баға ұсыныстарын сұрату тәсіліне тиесілі.
Талдау нәтижесінде жиі кездесетін қателіктер анықталды:
Аталған құқық бұзушылықтар тең қолжетімділік пен адал бәсекелестік қағидаттарына тікелей әсер етеді, соның салдарынан бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына кері ықпал етеді.