Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бөлінген қаражаттың пайдаланылуына және айыппұл санкцияларының орындалуына қатысты Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасының талаптары бойынша ішкі мемлекеттік аудит жүргізді.
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік аудиттің мақсаты - бюджет қаражатын, мемлекет активтерін, квазимемлекеттік сектор субъектілерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру.
Тексеру барысында бюджет қаражатының заңды игерілуіне баса назар аударылды. Аудит жұмыстары тамақтандыруға, еңбекақыға, іссапар шығындарына, коммуналдық қызметтер бойынша негізсіз шығыстарға жол бергендіктен, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінен, сондай ақ мемлекеттік сатып алулар заңнамасынан ауытқушылықтар анықталды.
Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті аудит субъектісіне анықталған бұзушылықтар сомасын бюджетке өтеу (аудару) бойынша тиісті шаралар қабылдауды талап ететін ұйғарым шығарды.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзған лауазымды тұлғаларға қатысты он бір әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары толтырылды.
Аудит ұйғарымын орындау шаралары қолданылып, республикалық бюджетке қаражат аудару арқылы 52,2 млн теңге өтелді.
Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасының талаптарынан анықталған ауытқулар түзетіліп, тексерілетін субъектінің лауазымды тұлғаларына әкімшілік жазалар қолданылды.