Меню

Страницы

Статья

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары

Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2025 жылғы жұмысының қорытындыларын шығарды.

Есепті кезеңде жалпы сомасы 68,9 млрд теңгені қамтыған 104 аудиторлық іс-шара өткізілді. Тексеру нәтижелері бойынша 17,2 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарына негізсіз төлем жасау, жалақы төлеу және қаржылық есептілікті бұрмалау сияқты мәселелерге байланысты 33,5 млрд теңге сомасына 267 рәсімдік бұзушылық анықталды.

Аудит қорытындысы бойынша бақылау объектілеріне 95 нұсқама және 93 ұсыным енгізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 17,1 млрд теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтардың 99,4%-ы жойылды. Оның ішінде:

  • тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен қалпына келтірілгені – 6,7 млрд теңге;
  • бюджетке өтелгені – 214,2 млн теңге;
  • бухгалтерлік есепте көрсетілгені – 10,2 млрд теңге.

Процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 5,9 млн теңге сомасына 1 материал жолданды.

Сонымен қатар, 151,1 млн теңге сомасына 1 019 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде 129,3 млн теңге бюджет кірісіне өндірілді.

Прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл аясында 20 қорытынды беріліп, олардың шеңберінде 11,4 млрд теңге көлемінде бұзушылықтар анықталды.

Жалпы алғанда, Департамент қызметінің бюджетке түсімдер арқылы көрсетілген мультипликативтік әсері 495,7 млн теңгені құрады.

Мемлекеттік сатып алулардың камералдық бақылауы аясында 3,6 трлн теңге сомасына 65 350 сатып алу рәсімі қамтылды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 28,5%-ға көп. 21,1 млрд теңге сомасына 1 744 рәсім бойынша бұзушылықтар анықталып, олардың 96,7%-ы жойылды, бұл 20,4 млрд теңге көлеміндегі бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ мониторинг шеңберінде 1,4 млрд теңгеден астам сомаға 3 007 тәуекелді төлем бойынша 249 хабарлама жолданды. Ең көп тәуекелдер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында анықталды. 134,2 млн теңге сомасына тәуекелдер расталды.

Бекітілген тізімге сәйкес 2025 жылы қаржылық есептілік аудиті төрт бюджеттік бағдарлама әкімшісінде жүргізілуде.

2024 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің баланс валютасының жалпы сомасы 4 трлн 290,1 млрд теңгені құрады. Жыл ішінде аудит 7 бюджеттік бағдарлама әкімшісінің активтерін қамтыды, олардың жиынтық баланс валютасы 967,4 млрд теңге, бұл жалпы бюджеттің 22,6%-ын құрайды.

Тексеру барысында жалпы сомасы 1 трлн 67,7 млрд теңге көлемінде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 828,8 млн теңгесі қаржылық есептіліктің дұрыстығына әсер ететін елеулі бұзушылықтар ретінде танылды.

Профилактикалық бақылау аясында 7 тексеру жүргізілді, оның ішінде қоғамдық мүдде ұйымдары мен аудиторлық ұйымдарда.

Сонымен қатар, 281 қоғамдық мүдде ұйымы 98,7 млн теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 72,2 млн теңге бюджетке өндірілді. 26,5 млн теңге сомасындағы материалдар мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларына жолданды.

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатын негізді пайдалану бағытындағы жұмысты жалғастырып келеді. Бұл ретте бұзушылықтардың алдын алу және оларды жедел анықтау үшін аудиттің цифрлық құралдары белсенді қолданылуда.

2025 жылдың қорытындылары қаржылық тәртіптің нығаюын, бюджеттік процестердің ашықтығын арттыруды және мемлекеттік қаражаттың тиімді жұмсалуын көрсетеді.

Дата публикации
25 февраля 2026
Дата обновления
16 марта 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы