2025 жылы Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бағытында белсенді жұмыс жүргізді.
Есепті кезеңде 251 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 23,2 млн теңгеге айыппұл салынды. Барлық қаражат бюджет кірісіне толық көлемде өндірілді.
Заң бұзушылықтардың негізгі бөлігі мемлекеттік сатып алу саласына тиесілі. Атап айтқанда, тапсырыс берушілердің өнім берушілерді заңсыз қатысушы деп тану туралы сотқа уақтылы жүгінбеуі, сондай-ақ заңнама талаптарын сақтамай шарттар жасасуы жиі кездескен.
Сонымен қатар, Департамент Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес қысқартылған іс жүргізу тәртібін қолданады. Бұл тетік жеті тәулік ішінде айыппұлдың 50 пайызын төлеуге мүмкіндік береді. Аталған тәжірибе қабылданған шешімдердің жедел орындалуына және өңірдегі қаржылық тәртіптің нығаюына ықпал етеді.