Меню

Страницы

Статья

Сандар, деректер, жауапкершілік: аудит Ұлытау облысының бюджетін қалай нығайтады

2025 жылы Департамент тарапынан 9 млрд 450 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын қамти отырып, 29 аудиторлық іс-шара өткізілді. Нәтижесінде бюджет және өзге де заңнама талаптарының 3 млрд 300 млн теңге сомасына бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 2 млрд 294 млн теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 1 млрд 006 млн теңгені құрады.

 

Мемлекеттік сатып алу саласында 133,6 млн теңге сомасына бұзушылықтар анықталып, оның 97,4 млн теңгесі өткізілген сатып алу рәсімдерінің қорытындыларына әсер еткен.

 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджетке 2 млрд 185 млн теңге қалпына келтіріліп, өтелді. Берілген 29 нұсқама бойынша 26 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 125 әкімшілік хаттама толтырылып, 10 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, олар толық көлемде өндірілді.

 

Құқық қорғау органдарына 34,3 млн теңге сомасына 4 аудит материалы жолданды. Оның екеуі бойынша қылмыстық істер қозғалып, бір материал тергеу аяқталғаннан кейін сотқа жолданды.

 

Жыл қорытындылары мемлекеттік аудиттің Ұлытау облысында бюджет қаражатын пайдалану ашықтығы мен қаржылық тәртіпті қамтамасыз етудегі маңызды құрал болып қала беретінін көрсетті.

Дата публикации
24 февраля 2026
Дата обновления
24 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері
Ақпарат
14 октября 2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Онлайн бюджеттік мониторинг" модулі арқылы жалақы төлеудің жүргізілген мониторингінің нәтижелері
Мерзімді БАҚ
14 октября 2026
2026 жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы