Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2025 жыл бойынша әкімшілік практика қорытындылары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық мемлекеттік басқармасы Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануға және бюджет кірісіне әкімшілік айыппұлдардың түсуін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Департамент лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 551 хаттама жасады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен асып түседі (485 хаттама). Жалпы саннан 551 хаттама қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 63 033 370 теңге айыппұл сомасына ресімделді, бұл ретте 21 материал мәні бойынша қарау үшін сот органдарына жіберілді.

Әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым бөлігі мемлекеттік сатып алу саласында анықталды. Осылайша, хаттаманың 85-і өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға заңсыз қатысушылар деп тану туралы талаптармен тапсырыс берушілердің сотқа жүгінбегені не уақтылы жүгінбегені үшін шарттық міндеттемелер орындалмаған, не тиісінше орындалмаған жағдайларда жасалды. Бұдан бөлек, 120 хаттама мемлекеттік сатып алу веб-порталында жыл көлеміндегі сатып алу жоспарларын, сондай-ақ, хаттама оларға өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды орналастырмағаны не уақтылы орналастырмағаны үшін де толтырылады.

Әкімшілік практика шеңберінде Департамент әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібін кеңінен қолданады. Бұл айыппұлдардың жедел төленуін және олардың бюджетке уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етеді.

Дата публикации
24 февраля 2026
Дата обновления
24 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы