Меню

Страницы

Статья

Павлодар стадионы: Аяқталмаған құрылыс және жоғалған қаржы

Павлодарда заманауи стадион бой көтеруі тиіс болған. Алайда спорт кешенінің жобасы жоғалған миллиондар, жауапкершіліксіз мердігер және заң бұзушылықтарға айналған.

Шарбақты көпірі аумағындағы ұлттық спорт түрлері бойынша стадионның құрылысына бастапқыда 261,5 млн теңге бөлінген. Бірақ жобаның құны кейін 666,3 млн теңгеге дейін өскен. Алғашқы жоспарланған қаражаттан екі жарым есе көп қаржы сұратқан мердігер «ГрадСтройСервис» ЖШС құрылысты аяқтау мерзімін жүйелі түрде бұзып отырған. Ал тексеріс барысында 2025 жылдың мамырында мердігермен арадағы шарт бұзылғандығы анықталған.

Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген аудит 2025 жылғы маусымда елеулі қаржылық заң бұзушылықтарды анықтады. Мердігерге 589,8 млн теңге аударылған. Алайда құжаттар бойынша тек 555,3 млн теңгенің жұмысы орындалған.  34,5 млн теңге артық төленген. Яғни бюджеттік ақшасы жымқырылған. Тексеру барысында қосымша 28,3 млн теңге іс жүзінде жоқ жұмыстар үшін төленгені анықталды. Осылайша 62,8 млн теңге сомасында бюджеттің мақсаттылығы мен заңдылығына қатысты мәселе туындады. Тексеріс анықтағандай қаржының бір бөлігі іс жүзінде болмаған жұмыстар үшін төленген болып шықты.

Бірақ мәселе тек ақша туралы ғана емес. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарламаның қолданылу мерзімі 2023 жылдың желтоқсанында аяқталғанымен, 2024 жылы нысандағы жұмыстар жалғасқан. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына жұмыстарды қайта бастау туралы хабарлама жіберілмеген. Бұдан бөлек, тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алуға заңсыз қатысушысы деп тану үшін сотқа уақытында жүгінбеген, сол үшін мекеме басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төледі.

Бүгінде «ГрадСтройСервис» ЖШС банкрот деп танылған. Анықталған 62,8 млн теңге салдарынан компания мемлекет алдындағы берешегі бар борышкерлер қатарына енгізілген және банкроттық рәсімі аясында өндіріп алынады.

Дата публикации
23 февраля 2026
Дата обновления
24 февраля 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы