Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу саласындағы камералдық бақылаумен жалпы сомасы 440,02 млрд теңгеге 20 427 лотты қамтыды.
Бақылау нәтижелері бойынша 35,9 млрд теңге сомасына бұзушылықтар анықталды, олар бойынша 2 092 хабарлама жіберілді.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы ең көп таралған бұзушылықтар:
* заңнамада көзделмеген заңсыз біліктілік талаптарын белгілеу;
* ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды белгілемеу;
* басқа да бұзушылықтар.
Бұдан басқа, камералдық бақылау шеңберінде бір көзден алу тәсілімен 2,97 млрд теңге сомаға мемлекеттік сатып алуды негізсіз өткізу фактілері жолын кескен.
Камералдық бақылаудың хабарламаларын орындамағаны үшін 6 әкімшілік іс қозғалды, олар соттың қарауына берілді, олар бойынша жалпы сомасы 416,8 мың теңгеге айыппұл салынды және өндірілді.
Департамент бұзушылықтардың алдын алу және уақтылы анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда, бұл мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды ерте кезеңде дербес жоюға мүмкіндік береді.