Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласында 15-мектеп-гимназияда жалақы төлеу тәртібінде 17 миллионнан астам теңге сомасында заңбұзушылықтар анықталды

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік ішкі аудит департаменті Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «Гимназия №15» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде электрондық аудит жүргізді. Аудит 2025 жылғы 1 шілдеден 30 қазанға дейінгі кезеңді қамтыды және «Онлайн бюджет мониторингі» модулінің мәліметтері бойынша анықталған тәуекелді төлемдер негізінде бастау алды.

Аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 17,9 млн. теңге болатын қаржылық заңбұзушылықтар анықталды.

Аудит қорытындысында көрсетілгендей, Мекеме жалақы есептеу және төлеу тәртібін реттейтін заңнаманың талаптарын бұзған: Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 103-бабы (жалақы тек қана еңбек өтілі расталған нақты жұмыс уақыты үшін төленеді) және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабы (бірінші басшы төлемдердің заңдылығы мен негізділігін, реквизиттер мен сомалардың дұрыс болуын, міндеттемелерді уақытында және толық орындауды, сондай-ақ мемлекеттік қазына органы үшін растайтын құжаттарды ұсынуды қамтамасыз етеді) талаптары сақталмаған.

Аудит барысында нақты жұмыс істемеген уақытқа байланысты тұлғалардың карточкалық есепшоттарына артық сомада ақша аударылған 8 жеке жағдай анықталды, нәтижесінде негізсіз төлемдер жалпы 17 870 916,88 теңге сомасында болды.

Аудит қорытындысы бойынша гимназияға заңбұзушылықтарды жою және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы предписание жолданды.

Материалдар құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.

Дата публикации
06 февраля 2026
Дата обновления
06 февраля 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы