Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 94 аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 420,2 млрд теңгеге бюджет қаражаттары мен мемлекет активтері қамтылып, 89,7 млрд теңге сомаға бұзушылықтар анықталды.
Анықталған бұзушылықтардың ішінде қаржылық бұзушылықтар 16,0 млрд теңгені, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 73,7 млрд теңгені құрады. Есепті кезеңде анықталған қаржылық бұзушылықтардың 15,6 млрд теңгесі өтеліп және қалпына келтірілді. Оның ішінде 2,3 млрд. теңге бюджетке өтелсе, 13,3 млрд теңге тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету және бухгалтерлік есепте көрсету арқылы қалпына келтірілді.
Есепті кезеңде департамент тарапынан 21 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 11,7 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, толықтай бюджетке өндірілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша 108 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.