Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қаржы ашықтығын арттыру: онлайн бюджеттік мониторинг жүйесінің 2025 жылғы жылдық қорытындысы

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаменті 2025 жылы мемлекеттік қаражаттың мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында онлайн бюджеттік мониторинг жүйесін тұрақты негізде қолданды. Аталған цифрлық жүйе бюджеттік шығыстарды нақты уақыт режимінде бақылауға, тәуекелдерді ерте кезеңде анықтауға және қаржылық тәртіпті нығайтуға мүмкіндік берді.

Онлайн бюджеттік мониторинг – бюджеттік қаражаттың қозғалысын автоматтандырылған түрде талдайтын заманауи цифрлық платформа. Жүйе арқылы орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қаржы игеруі бойынша деректер жинақталып, талданып, тәуекел белгілері анықталған жағдайда уәкілетті органдарға жедел хабарламалар жолданады. Бұл өз кезегінде қаржылық бұзушылықтардың алдын алуға және бюджет қаражатын тиімді басқаруға ықпал етеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі арқылы білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша 4169 тәуекел қаралып, жалпы сомасы 2 165,2 млн.теңгені құрайтын 318 хабарлама жолданды.

Мониторинг барысында білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша жалпы сомасы 73 265,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Бүгінгі таңда анықталған тәуекелдер бойынша бұзушылықтарға уақтылы алдын алу шаралары қабылданып, қаржылық бұзушылықтар бюджетке толық көлемде өтелді.Анықталған  бұзушылықтарға жол берген 1 мектеп директорына және 1 бас есепшіге «қатаң сөгіс»,1 бас есепшіге «сөгіс» түріндегі тәртіптік шара,30 қызметкерге «ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылып, 1 қызметкер жұмыстан босатылды. Бұл жүйенің мемлекеттік қаржыны басқарудағы тиімділігін және ашықтықты қамтамасыз етудегі маңыздылығын көрсетеді.

Қорытындылай келе, онлайн бюджеттік мониторинг жүйесі қазіргі таңда мемлекеттік қаржы саласында ашықтықты арттыруға, қаржылық тәртіпті нығайтуға және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды құрал ретінде өз тиімділігін дәлелдеді. Алдағы уақытта жүйені одан әрі жетілдіру және қамту аясын кеңейту мемлекеттік аудиттің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Дата публикации
05 февраля 2026
Дата обновления
05 февраля 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы