Меню

Страницы

Статья

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ-інде жүргізілген жоспарлы аудиторлық іс-шарасында 43 947,3 мың теңге қаржылық заң бұзушылықтар анықталды

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Ақтөбе облысының білім басқармасы Шалқар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкестігіне жоспарлы аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Аудиторлық тексеру қорытындысы бойынша жалпы қаржылық заң бұзушылық сомасы 43 947,3 мың теңге, оның ішінде рәсімдік бұзушылық 16 596,3 мың теңге, қаржылық бұзушылық 27 351,0 мың теңге екендігі анықталды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» №234 Заңының 4, 5-баптарына және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының 15, 393-тармақтарына қайшы және мекеменің қаржылық есептілігі толық және нақты ақпаратпен қамтамасыз етілмеген, яғни 2023 жылға 4 474,2 мың теңгеге, 2024 жылға 2 211,1 мың теңге дебиторлық берешектері көрсетілмеген.

Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексі (әрі қарай – Еңбек кодексі) 103 бабының 1 тармағы бұзылып, мекеменің  жұмыс уақытын есепке алу бойынша құжаттарында нақты жұмыс істемеген уақыты үшін жалақы төленгені анықталып, нәтижесінде 2023 жылы жалпы сомасы 1 607,1 мың теңгеге, 2024 жылы жалпы сомасы 112,2 мың теңгеге мекеме қызметкерлеріне негізсіз аударылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысының 4- тармағы, 1-тармақшасына қайшы, 2023 жылға жалпы сомасы 78,8 мың теңгеге, 9- тармағына қайшы жұмыс берушінің бұйрығынсыз 2023 жылға жалпы сомасы 199,2 мың теңгеге, 4- тармағы, 3-тармақшасына қайшы, 2024 жылға жалпы сомасы 293,3 мың теңгеге мекеме басшысына сынақ мерзімінен өту кезеңінде негізсіз сыйақы қаржылық бұзушылықтармен төленгендігі анықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының №4 қосымшасының, 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚР-ның Еңбек кодексінің 107-бабының 3-тармақшасында жұмыс беруші жұмыскерлердің өндіріс тиімділігі мен орындалатын жұмыстардың сапасын жоғарылатуға мүдделілігін арттыруды күшейту үшін ұжымдық шарт талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде айқындалған сыйлық ақы беру жүйелерін және еңбекті ынталандырудың басқа да нысандарын енгізе алады. Осылайша жұмыс беруші мұғалімдерге 2024 жылы жалпы сомасы 59,2 мың теңге біліктілік санаттары үшін үстеме ақы негізсіз төленген.

Еңбек Кодексінің 103 бабының 1 тармағы бұзылып, «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының жұмыс уақытын есепке алу бойынша құжаттарында нақты жұмыс істемеген уақыты үшін 2023 жылы жалпы сомасы 4,1 мың теңге 1 (бір) кызметкерге, 2024 жылы жалпы сомасы 1 211,9 мың теңгеге 7 (жеті) кызметкерге артық жалақы ретінде аударылғандығы анықталды.

Еңбек Кодексінің 103 бабының 1 тармағы бұзылып, «Құралай» бөбекжай-бақшасының жұмыс уақытын есепке алу бойынша құжаттарында нақты жұмыс істемеген уақыты үшін 2023 жылы жалпы сомасы 3,0 мың теңгеге 3 (үш) кызметкерге, 2024 жылы жалпы сомасы 118,6 мың теңгеге 4 (төрт) кызметкерге артық жалақы төленген.

Еңбек Кодексінің 103 бабының 1 тармағы бұзылып, «Балдаурен» бөбекжай-бақшасының жұмыс уақытын есепке алу бойынша құжаттарында нақты жұмыс істемеген уақыты үшін 2023 жылы жалпы сомасы 3 776,0 мың теңгеге 9 (тоғыз) қызметкерге, 2024 жылы жалпы сомасы 1 272,4 мың теңгеге 11 (он бір) қызметкерге артық жалақы аударылған.

Еңбек Кодексінің 103 бабының 1 тармағы бұзылып, «Толағай» бөбекжай-бақшасының жұмыс уақытын есепке алу бойынша құжаттарында нақты жұмыс істемеген уақыты үшін 2023 жылы жалпы сомасы 4 052,2 мың теңгеге 11 (он бір) қызметкерге, 2024 жылы жалпы сомасы 4 319,2 мың теңгеге 5 (бес) қызметкерге артық жалақы аударылғандығы анықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» №256 қаулысының (әрі қарай – Іс сапар шығыстарын өтеу қағидасы) 3-тармағының, 3-тармақшасы бұзылып, мекеме қызметкерлеріне нақты жол жүру құжатынсыз 2023 жылға жалпы сомасы 1 899,0 мың теңгеге, 2024 жылға жалпы сомасы 1 392,9 мың теңгеге негізсіз іссапарлар шығындары төленгені мәлім болды.

Іс сапар шығыстарын өтеу қағидасының 4-тармағы, 2-тармақшасы бұзылып, мекеме қызметкерлеріне негізсіз тәулiкақы шығындары 2023 жылға жалпы сомасы 690,0 мың теңгеге, 2024 жылға жалпы сомасы 353,5 мың теңгеге төленгені анықталды.

№281 бұйрығының 10 бабына, №393 бұйрығының 200 бабына,  468 бұйрығының 3 бабына, №640 бұйрығының 17 бабына қайшы, 2023 жылға арналған қаржылық есептілікті жасау кезінде мекемемен жалпы сомасы 3 233,9 мың теңгеге тауарлық-материалдық қорлар негізсіз есептен шығарылып, қаржылық нәтижеге әсер етіп, 31.12.2023 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептіліктегі деректердің бұрмалануына әкеп соқты. Сонымен қатар, 2024 жылға арналған қаржылық есептілікті жасау кезінде мекемемен жалпы сомасы 6 971,9 мың теңгеге тауарлық-материалдық қорлар негізсіз есептен шығарылып, қаржылық нәтижеге әсер етіп, 31.12.2024 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептіліктегі деректердің бұрмалануына әкеп соқты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы №1210 қаулысының 2-тарау 8 бабының 1-кестесіне қайшы, Мекемемен Жеңіл автомобильдер үшін АИ-92 маркалы жанар-жағармай материалдары шығысталған 2023 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың сәуірі және шілде айларында 96,3 мың теңге, 2024 жылы 203,2 мың теңге, АИ-92 маркалы жанар-жағармай материалдары 2023 жылы 169,0 мың теңге, 2024 жылы 71,7 мың теңге, ДО маркалы жанар-жағармай материалдары 2023 жылы 1,9 мың теңге және 2024 жылы 86,3 мың теңге бюджет қаражат шығындары негізсіз жұмсалған.

"Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай – Мемлекеттік сатып алу заңы) 5-бабының 4-тармағына қайшы, тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына айына бір реттен көп өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген.

Шарттардың 7.3, 8.3-тармақтарының талаптарын бұза отыра, орындаушылардың веб-портал арқылы тапсырыс берушіге орындалған жұмыстар актісін кешіктіріп жолдаған, яғни шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерді уақытында орындамағанына қарамастан жалпы 4 келісім шарт бойынша жалпы сомасы 54,5 мың теңге тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі, сондай-ақ, Мемлекеттiк сатып алу туралы заңының  12 бабы  4 тармағының  3 тармақшасының талаптары бұзылып, Мекеме орындаушыларды 4 келісім-шарт бойынша жалпы сомасы 3 709,0 мың теңгеге міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінбегендігі анықталды.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі №409 «Казақстан Республикасының Азаматтық кодексі» Кодексінің 272-бабындағы міндеттемемелерге қайшы «Ақтөбе облысының білім басқармасы Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ-сі мен «ЕРКЕН и К» ЖШС-і аударылған қаражаттың жалпы сомасынан 1 221,7 мың теңгеге атқарылмаған жұмыстарға қаражат аударылғаны мәлім болды.

Нәтижесінде негізсіз төленген қаражаттар мемлекет кірісіне қайтарылды. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жіберіліп, бүгінгі таңда барлық бұзушылықтар қалпына келтірілді. Сондай-ақ, мекеме бас есепшісі А.Әлбаеваға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Қазақстан Республикасының Кодексінің 238 бабы 1 тармағы 2)тармақшасына сәйкес және мекеме басшысы А.Башановқа Кодекстің 207 бабы 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес хаттама толтырылды және бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалар тәртіптік жазаларға тартылды.   

Дата публикации
05 февраля 2026
Дата обновления
19 февраля 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері
Ақпарат
14 октября 2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Онлайн бюджеттік мониторинг" модулі арқылы жалақы төлеудің жүргізілген мониторингінің нәтижелері
Мерзімді БАҚ
14 октября 2026
2026 жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы