Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары

2025 жылы Департаментпен 58 аудиторлық іс-шара өткізілді оның нәтижелері бойынша жалпы сомасы 192,8 млрд теңгеге бұзушылықтар оның ішінде 7,8 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды

Қаржылық бұзушылықтардың ең көп көлемі Құрылыс тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі салаларында тіркелген Негізгі бұзушылықтар орындалмаған жұмыстарға ақы төлеумен сондай-ақ техникалық сипаттамаға сәйкес келмейтін тауарларды сатып алумен байланысты болды Сонымен қатар аудит барысында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктегі операцияларды көрсету кезінде бұзушылықтар анықталды

Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша 7,8 млрд теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар толық көлемде жойылды Аудит объектілерінің 64 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген жол берілген бұзушылықтар үшін Департаментпен 658 әкімшілік іс қозғалды Олардың қорытындысы бойынша 65,6 млн теңге сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды, оның 56,1 млн теңгесі өндірілді бұл 86% - құрайдыҚалған сома бойынша өндіріп алу жұмыстары жалғасуда

Бұдан басқа онлайнбюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша 23,0 млн теңге

сомасына

жалақы түріндегі ақшалай қаражаттың негізсіз аударылуы анықталды Көрсетілген қаражат бюджетке қайтарылды

Дата публикации
29 января 2026
Дата обновления
29 января 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы