Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекетік аудит департаменті 2025 жылдың 81 аудиторлық іс-шара өткізді (оның ішінде сәйкестік аудиті бойынша – 78, қаржылық есептілік аудиті бойынша - 3). Сәйкестік аудитімен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі (қаржылық есептілік аудитін есепке алмағанда) 54,9 млрд. теңгені құрады.
Тексеру барысында жалпы сомасы 23,7 млрд. теңгеге бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі заңнаманың бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде 9,9 млрд. теңге қаржылық бұзушылықтарға, ал 13,8 млрд. теңге процедуралық бұзушылықтарға жатады.
Анықталған қаржылық бұзушылықтарды жою үшін департамент шаралар қабылдады, нәтижесінде 2,6 млрд. теңге сомасына бюджет қаражатын қалпына келтіруге және өтеуге мүмкіндік туды.
Ағымдағы жылы 79 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, сонымен қатар 1-і қызметінен босатылды.
Анықталған бұзушылықтарды жою және бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында департамент 72 нұсқама жіберді. Есепті күнге орындау мерзімі 58 нұсқама бойынша келді, олардың барлығы толық орындалды.
Жүргізілген талдау мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметінде бюджет заңнамасының талаптарын сақтамауға байланысты бұзушылықтардың әлі де анықталып отырғанын көрсетеді. Ең жиі кездесетін бұзушылықтар жалақыны есептеу және төлеу тәртібін сақтамауға қатысты болып отыр. Атап айтқанда, жалақыны, сыйақыларды және өзге де төлемдерді негізсіз төлеу, сондай-ақ іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатын аудару фактілері орын алуда.
Мұндай бұзушылықтардың негізгі себептерінің бірі – мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары мен жауапты қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының нормаларын жеткілікті деңгейде зерделемеуі және қолданбауы болып табылады.
Қалыптасқан тәжірибе мемлекеттік қаражатты пайдалану саласында бақылауды одан әрі күшейту және бюджет тәртібінің қағидаттарын қатаң сақтау қажеттігін айқын көрсетеді.
Жүйелі бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бюджеттің орындалуын бақылауды күшейтуді, қызметкерлердің біліктілігі мен құқықтық сауаттылығын тұрақты түрде арттыруды, анықталған кемшіліктерді уақтылы жоюды және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуды қамтитын кешенді тәсіл қажет. Сонымен қатар шарттық міндеттемелерді іске асыру барысында тапсырыс берушілердің, техникалық қадағалау органдарының және мердігер ұйымдардың жауапкершілігін арттырудың маңызы зор.