Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2025 жылдың 12 айындағы аудиторлық қызметінің қорытындысы

Аудиторлық қызметтің негізгі көрсеткіштері

Департамент тарапынан 2025 жылдың 12 айында барлығы 85 аудиторлық іс-шара жүргізіліп, 28 млрд 732 млн теңге қаражат қамтылды.    Нәтижесінде 14 млрд 863,1 млн теңгеден астам сомаға заң бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде:

  • бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтары — 14 млрд 570,4 млн теңге немесе 98% (қаржылық және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар);
  • мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары — 292,7 млн теңге немесе 2%.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың ішінен 8 млрд 531,1 млн теңге бюджетке өтеуге, қалпына келтіруге және бухгалтерлік есепте көрсетуге жатады, оның ішінде:

  • өтеуге — 1 млрд 306,3 млн теңге;
  • қалпына келтіруге — 4 млрд 768,3 млн теңге;
  • бухгалтерлік есепте көрсетуге — 2 млрд 456,5 млн тенге.

Департаменттің қабылдаған ден қою шаралары нәтижесінде:

  • бюджетке өтелгені — 1 млрд 031,6 млн теңге (оның 97,8 млн теңгесі сот үкімдеріне сәйкес орындалды);
  • қалпына келтірілгені — 4 млрд 506,3 млн теңге;
  • бухгалтерлік есепте көрсетілгені — 2 млрд 456,5 млн тенге.

Осылайша, барлығы 7 млрд 896,6 млн теңге немесе 92,5% көлемінде бұзушылықтар жойылды.

Қолданылған шаралар нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларына қатысты 455 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жалпы сомасы 67,7 млн теңге айыппұл салынды, оның 65,5 млн теңгесі бюджетке өтелді.

Департамент тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы 84 нұсқама жолданып, оның ішінде 65-і толығымен орындалды.

Аталған нұсқамалар негізінде 98 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2025 жылдың есептік кезеңінде, заңнама бұзушылықтары бар 10 аудит материалы (жалпы сомасы — 261,3 млн теңге) процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды. Қабылданған шаралар нәтижесінде, құқық қорғау органдары 6 материал бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша қылмыстық іс қозғап, тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.

Дата публикации
22 января 2026
Дата обновления
22 января 2026
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы