Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес өткен мерзімінде тиісті жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Департаментпен 45 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде: тізбеге сәйкес – 13, жоспардан тыс – 32, оның ішінде, Комитеттің тапсырмасы бойынша – 6, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша – 26.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 44-тың жалпы сомасы 18 832,8 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: 5 668,6 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның 55,3 млн.теңгесі бюджетке өтелуге жатады (33,1 млн.теңге бюджетке өтелді, бұл 59,8%-ды құрайды), қалпына келтіруге жататыны 939,2 млн.теңгесі (орындалған жұмыстар мен қызметтер есебінен қалпына келтірілгені – 827,3 млн.теңге, бұл 88,1%-ды құрайды), 4 674,1 млн. теңгесі - бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар, 13 164,1 мың.теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 3 780,0 мың. теңге.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 47 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 31 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 9,2 млн теңге бюджетке толығымен өтелді.
Одан бөлек, Департамент қызметкерлері тарапынан прокуратура органдарының материалдары бойынша жалпы сомасы 2 320,6 млн.теңгені құрайтын 18 қорытынды берілген. Барлық материалдар құқық қорғау органдарының талабымен берілді.
Қаржылық бұзушылықтардың негізгі үлесі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бойынша аудит жүргізу кезінде анықталды – 3 438,8 млн.теңге, яғни 60,7%, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері – 1 664,2 млн.теңгеге, яғни, бұл 29,3%, Комитеттің тапсырмасы бойынша – 566,6 млн.теңге – 10,0% құрайды. Айта кетсек, қаржылық бұзушылықтардың келесі түрлері анықталды, олар: - бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар – 4 673,8 млн.теңгеге; - орындалмаған жұмыстар, сапасыз орындалған жұмыстар, техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін жеткізілген тауар үшін қаражатты төлеу – 732,8 млн.теңгеге - Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды қамтамасыз етпеу – 249,8 млн.теңгеге; - жалақы, іссапар және басқа төлемдер бойынша бұзушылықтар – 12,2 млн.теңгеге анықталды. Департамент Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне камералық бақылауды жүзеге асырады, оның мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және болдырмау, мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту және камералдық аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше дербес жою мақсатында құқықтар беру болып табылады. 2025 жылы 21378 (лот) мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізіліп, өндірілуге тиіс 21527, яғни 99,3% құрайды, оның ұйымдастырушылары мен тапсырыс берушілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1650 хабарлама жіберіліп, оның ішінде 1627 орындалды, яғни 98,6% орындалды.
Камералдық бақылау негізінде бұзушылықтарды жою туралы жіберілген хабарламаларды уақтылы және тиісінше орындамағаны үшін, 13 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, соттың қарауына жолданды.
Бұдан бөлек, есептік кезеңде мемлекеттік сатып алу бойынша 480 арыз шағымдар келіп түскен, оның 70 шағым қанағаттандырылған және ішінара қанағаттандырылған, қанағаттандырудан бас тартқаны- 336, кері шақырылды - 56.
Облыстағы мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушылары мен тапсырыс берушілері тарапынан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде жиі қайталанатын бұзушылықтар:
Мысалыға, құрылысқа қатысты емес жұмыстарды сатып алу кезінде сметалық құжаттамада көрсетілмеген материалдық ресурстардың әлеуетті өнім берушіде бар болуын талап ету.
Сонымен қатар, Департамент өз құзіреті шегінде аудит материалдары, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдардан материалдары бойынша, ҚР бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы зңнамасы (ҚР Кодексінің 238 бабы) және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы (ҚР Кодексінің 207 бабы) бойынша әкімшілік істерді қарайды
2025 жылы Департаментке барлығы 693 әкімшілік хаттамалар тіркеліп, оның ішінде: 650 материал қаралып әкімшілік айыппұлдар салынған, 43 материал сотқа берілген.
Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 83,4 млн. теңгеге айыппұл салынып, оның ішінде бюджетке 78,4 млн.теңге өтелді.