Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2025 жылы жалпы сомасы 680 млрд. 108 млн. теңгені құрайтын 16 544 мемлекеттік сатып алу лоттары қаралған.
Оның ішінде 948 лот бойынша (сомасы 40 млрд. 704 млн. теңге) бұзушылықтар анықталып, 1 029 хабарлама жолданды. Оның ішінде 703 хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу, 11 хабарлама бойынша конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер енгізу, 314 хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою, 1 хабарлама бойынша қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру.
Департаментпен мемлекеттік сатып алуларға қатысты әлеуетті өнім берушілермен жолданған 99 шағым қаралды, Оның ішінде, 34-і толық қанағаттандырылды (34,3%), 65-і қанағаттандырылмады (65,7%).
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген хабарламаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін лауазымды тұлғаларға 19 хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы 325 хаттама толтырылды.