Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты еңбек бюджет және бухгалтерлік заңнама нормаларын сақтай отырып нысаналы мақсаты бойынша қатаң пайдаланылуға жатады
Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Алматы қаласы білім басқармасының "№ 183 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалақыны есептеу мен аударудың негізділігі мәселесі бойынша ішкі мемлекеттік аудит жүргізді 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 30 қарашаға дейінгі кезеңді қамтыған аудит барысында мекеме Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1193 қаулысының және Бюджеттің атқарылуы мен оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының талаптарын бұзуға жол бергені анықталды
Тексеру нәтижелері бойынша жалақының және өзге де қосымша төлемдердің негізсіз төлемдері сондай-ақ қызметкерлердің картшоттарына ақшалай қаражатты артық аудару фактілері анықталды Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 50,9 млн теңгені құрады Сонымен қатар тәлімгерлік үшін қосымша ақының негізсіз есептелуі сондай-ақ мекеменің бухгалтерлік есебінде жекелеген операциялардың толық көрсетілмеуі анықталды
Аудит қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектісіне бюджет және еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, бюджетке негізсіз аударылған қаражатты өтеу және бұдан әрі осындай бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған ұйымдастырубасқару шараларын қабылдау ұсынылды