2025 жылы Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті "Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы"КММ қызметіне сәйкестік аудитін жүргізді
Аудит шарттар жасасудың негізділігі және Ерменсай шағын ауданындағы төтенше жағдайды жою және Нұрлытау сорғы станциясы мен су дайындау станциясын салумен сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде бюджеттік азаматтық және сәулетқұрылыс заңнамасының талаптарын сақтау мәселелеріне бағытталды
Аудит нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органның төтенше резерв қаражатын негізсіз пайдалануға, төтенше жағдай режимін енгізу үшін құқықтық негіздердің болмауына сондай-ақ бекітілген жобалаусметалық құжаттамасыз құрылысмонтаждау жұмыстарының басталуына, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысына және сәулетқұрылыс бақылау органдарын хабардар етуге байланысты бұзушылықтар анықталды Заңнама талаптарын бұза отырып бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 4,87 млрд теңгені құрады
Бұдан басқа Нұрлытау жобасы бойынша мемлекеттік сараптаманың жойылмаған ескертулері кезінде шарт жасасу және мердігер ұйымға аванс төлеу белгіленді бұл инвестициялық жобаны іске асыру шарттарының сақталмағанын көрсетеді Аудит қорытындысы бойынша аудит объектісінің атына анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарауға нұсқама жіберілді
Осылайша аудитпен шарттарды негізсіз жасасуға және бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың жоғары тәуекелдеріне әкеп соққан Қазақстан Республикасы заңнамасының елеулі бұзушылықтары анықталды