Меню

Страницы

Статья

2025 жылы Тапсырыс берушілер тарапынан қандай бұзушылықтарға жол берілді?

2025 жылдың 12 айында Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылауы 3,6 трлн теңге жалпы сомасымен 63 мың мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қамтыды.

Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу заңнамасына 1,7 мың рәсімде жалпы сомасы 20,3 млрд теңге болатын бұзушылықтар анықталды.
Анықталған бұзушылықтар бойынша камеральдық бақылау нәтижесінде бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жіберілді, олардың 1,6 мыңы орындалды. Бұл камералдық бақылаудың мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарды болдырмау және тоқтату тиімділігін көрсетеді.

Тәуекел бейіндері бойынша талдау:

- Тәуекел бейіні №1: тапсырыс беруші заңнамада қарастырылмаған біліктілік талаптарын белгілеу – 353 хабарлама;

- Тәуекел бейіні №2: конкурс құжаттамасын бекіту кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзу, алдын ала талқылау хаттамасында көрсетілген ескертулерді ескермей – 205 хабарлама;

- Тәуекел бейіні №7: баға ұсыныстарын сұрау арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ақпаратты орналастыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу – 177 хабарлама.

-Тәуекел бейіні №22: мемлекеттік сатып алу келісіміне өзгерістер енгізу, шарттарды немесе жеткізушіні таңдау негізін өзгертетін, бірақ мемлекеттік сатып алу туралы заңның 18-бабының 1 және 2 тармақтарында қарастырылмаған негіздер бойынша – 277 хабарлама;

Осылайша, камералдық бақылау барысында жиі анықталатын бұзушылықтар мыналар болып табылады: ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің конкурс (аукцион) құжаттамасында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарды белгілеуі, сондай-ақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлеміне қажеттіліктің азаюы не ұлғаюына байланысты жасалған шартқа өзгерістер енгізу кезінде, жасалған шартта көрсетілген тауар, жұмыс, қызмет бірлігінің бағасының негізділігі мен өзгермейтіндігін растамау.

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды уақтылы тоқтату және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою мүмкіндігін беру, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған жұмысты жалғастыруда.

Дата публикации
30 декабря 2025
Дата обновления
30 декабря 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы