2026 жылдың басынан бастап Қазақстанда мемлекеттік сатып алу саласында камералдық бақылауды жүргізу ережелерінде өзгерістер күшіне енеді.
Ең басты жаңалық – камералдық бақылау бағыттарының кеңейтілуі және жаңа тәуекел профильдерінің енгізілуі.
Атап айтқанда, ережелерге жаңа бағыт қосылды – «Мемлекеттік сатып алу келісім-шарттарының міндеттемелерін дұрыс орындауға арналған камеральдық бақылау». Оның аясында екі тәуекел бейіні қарастырылған. 28 - бейін мемлекеттік сатып алу келісім-шарттарының ҚМЖ шарттарына сәйкес орындалмаған жұмыстарды анықтауға бағытталған, оның ішінде басқа мердігерлерден алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтердің көлемінің сәйкестігін тексеру көзделген (Мемлекеттік сатып алу ережелерінің 39-қосымшасына сәйкес). 29 - бейін мемлекеттік сатып алу келісім-шарттары бойынша төлемге дейінгі құжаттардың сәйкессіздігін анықтауға мүмкіндік береді, бұл Мемлекеттік сатып алу ережелерінің 585-бабын бұзу болып табылады.
Сонымен қатар, тағы бір бағыт енгізіледі – «Сатып алудан бас тарту немесе мемлекеттік сатып алуды тоқтату бойынша камералдық бақылау». Бұл бағыт аясында 31- бейін заңнамада қарастырылмаған жағдайларда мемлекеттік сатып алудан бас тарту немесе тоқтату фактілерін анықтауға мүмкіндік береді.
Жаңа бағыттар мен тәуекел бейіндерін енгізу тек сатып алу рәсімдерін ғана емес, сонымен қатар келісім-шарттарды орындау кезеңін қамтуға және сатып алудан бас тарту немесе тоқтатудың заңдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.