Есепті жылдың ішінде модуль деректеріне сүйене отырып, қаланың әлеуметтік сала ұйымдарында жоспардан тыс аудиттік шаралар кешені жүргізілді. Онлайн-мониторинг бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысы мен қосымша төлемдерге қатысты тәуекелі бар қаржылық операцияларды жедел анықтауға мүмкіндік берді.
2025 жылы жүргізілген аудиттер мен заң бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар нәтижесінде жалақы мен қосымша төлемдерге қатысты қаржылық бұзушылықтар анықталды. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 89,2 млн теңгені құрады.
«Онлайн бюджеттік мониторинг» модулін қолдану аясында есепті жылы 1 421,3 млн теңге сомасындағы 249 хабарлама жіберілді. Хабарламалар мен жүргізілген аудиттер нәтижесінде бюджетті толықтыру мақсатында 74,2 млн теңге қайтарылды.
2025 жылғы қорытындылар бюджеттік бақылаудың сандық құралдарын қолданудың тиімділігін растайды. «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулін пайдалану қаржылық операциялардың ашықтығын арттыруға, алдын алу бақылауын күшейтуге және бюджет қаражатын заңсыз пайдалану тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік берді.
Астана қаласының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тәуекелдерді жедел анықтау және азайту үшін «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулін жүйелі қолдануды жалғастыра береді. Аудит объектілерінің басшылары мен жауапты тұлғаларына бюджеттік заңнаманың талаптарын сақтау, ішкі бақылауды күшейту және бюджет қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарға жол бермеу ұсынылады.