Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан жедел ден қоюды талап ететін тәуекелдер аясында Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Зайсан орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде жүргізілген ішкі мемелекеттік аудиттің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының талаптарының бұзылуы анықталды.
Атап айтқанда, жалақыны негізсіз есептеу және төлеу фактілері анықталып, бұл жалпы сомасы 5,7 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтарға әкеп соқтырған, оның ішінде 989,0 мың теңге мөлшерінде жалақы бойынша артық төлемге жол берілген, сондай-ақ 2024 жылғы маусым – желтоқсан айлары аралығында бас бухгалтерге 4,8 млн теңге көлемінде негізсіз жалақы төленген.
Аудит қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде заң бұзушылықтар соммасы толық көлемде бюджетке өтеліп, лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.