Меню

Страницы

Статья

Ұлытау облысының тапсырыс берушілері тарапынан мемлекеттік сатып алу заңнамасының тиісінше сақталмауы туралы

Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті ағымдағы жылдың есептік кезеңінде баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуларға камералдық бақылау жүргізілді.

Камеральдық бақылаумен 1 942 лот қамтыды. Нәтижесінде мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарының жүйелі түрде бұзылуы анықталды. Тапсырыс берушілерге 388 хабарлама жолданды, бұл тексерілген сатып алулардың жалпы санының шамамен 20%-ын құрайды. Яғни, әр бесінші лотта дерлік заң талаптарының бұзылуы тіркелген, бұл тапсырыс берушілер тарапынан заңнама нормаларының сақталуы төмен деңгейде екенін көрсетеді.

Оның ішінде алаңдататын жағдай – тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету мерзімдеріне байланысты бұзушылықтар. Осы негізде 43 хабарлама жолданған, бұл анықталған бұзушылықтардың жалпы санының 11,1%-ын құрайды. Аталған бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу келісімшарттарының нақты және тиісті орындалуына тікелей әсер етеді.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 569-тармағының талаптарын сақтамай, тапсырыс берушілер келісімшарттарды орындау мерзімдерін 15 күнтізбелік күннен аз қояды, ал тауарларды өндіру, жеткізу немесе жұмыстарды орындау мен қызмет көрсетудің технологиялық және өндірістік кезеңдері ескерілмейді.

Қазақстандық өндірушілер реестріне енгізілген жеткізушілерден сатып алулар кезінде заңнама талаптары одан да көп ескерілмейді. Міндетті жеткізу мерзімі кемінде 60 күнтізбелік күн деп белгіленгеніне қарамастан, тапсырыс берушілер қысқартылған және әдейі орындалмайтын мерзімдерді белгілейді, бұл отандық өндірушілерді қолдау мақсаттарына қайшы келеді және келісімшарттардың формальды түрде орындалуына жағдай туғызады.

Дата публикации
25 декабря 2025
Дата обновления
25 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы