Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың сапа бақылау нәтижелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен аумақтық Ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің (бұдан әрі - ІМАД) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын (бұдан әрі - Стандарттар) және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) сақтауын бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғастырылуда.

2025 жыл бойынша екінші деңгейдегі сапа бақылауымен барлығы - 344 ІМАД аудит материалдары қамтылған, оның ішінде 19 (5,5  %) аудит материалы Стандарттарға және Қағидаларға сәйкес келмейді.

Осылайша, талдау Стандарттарға сәйкес келмейтін аудиторлық материалдардың үлесі 2024 жылмен салыстырғанда 0,3 %-ға төмендегенін көрсетті.

Стандарттарға сәйкес келмейтін материалдардың екінші деңгейдегі сапа бақылауы мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылды:

- ҚР Қаржы министрлігінің Апелляциялық комиссияның ұсынымдарының негізінде - 11 материал;

         - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік аудит объектілерінің өтініштері және шағымдарының негізінде - 3 материал;

- ІМАД-і жүргізген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерін талдау (ҚБ/ТБЖ кіші жүйесі арықылы аудит материалдарын жоспарлы іріктеу) негізінде - 5 материал.

Жүргізілген талдау аудит материалдарын Стандарттарға сәйкес келмейді деп танудың негізгі себептері болып келесілер табылатынын көрсетті: анықталған бұзушылықтарды растайтын объективті, маңызды, жеткілікті  аудиторлық дәлелдемелердің болмауы; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жан-жақты, толық және объективті қарауды қамтамасыз етпеу (аудит жүргізуге негіз болған мәселелерді толық қамтымау); ішкі мемлекеттік аудит жүргізу бағдарламасымен бекітілген барлық мәселелердің толық талдауды (қамтуды) қамтамасыз етпеуі; анықталған бұзушылықтарды көрсету кезінде ҚР заңнамасын дұрыс қолданбау; Стандарттар және Қағидалардың  талаптарын сақтамай, аудиторлық іс-шараны жүргізу және т.б.).

Стандарттарды және Қағидаларды бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында Комитет тоқсан сайын ІМАД шолу хаттарын жібереді, мерзімді түрде сапаны бақылау аудиторлары Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне баруда, бейнеконференциялар өткізуде, тиісті мамандардың тағылымдамадан өтуі ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, мемлекеттік аудиторлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнама бойынша білімдерін жетілдіру мақсатында Комитет ІМАД қызметкерлерінің қатысуымен тұрақты негізде техникалық оқыту жүргізеді, онда 2-деңгейдегі сапаны бақылау қорытындыларында көрсетілген кемшіліктер мен ескертулерді алдын алу мақсатында талқыланады.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

 

Дата публикации
25 декабря 2025
Дата обновления
16 января 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы