Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті шұғыл әрекет ету тәуекелдері жағдайларын қарау шеңберінде Алтай ауданының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіне жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижесінде қаржылық бұзушылықтарды анықтады.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының бюджет және еңбек заңнамасының талаптары сақталмай, жалақыны негізсіз есептеу және төлеу фактілері анықталып, олардың жалпы сомасы 8,226 млн теңгені құрады.
Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар сомасы бюджетке толық көлемде өтеліп, жауапты лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.