Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті №219 мектептегі тексеру нәтижелері туралы хабарлады

Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «№219 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қаржылық аудит жүргізді.

Аудиторлық іс-шара барысында мекеменің қаржы-шаруашылық қызметі, бюджеттік заңнама талаптарының сақталуы және мемлекеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуы талданды.

Аудит нәтижесінде жалпы сомасы 307 771,7 мың теңге болатын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 249 964,5 мың теңге — қаржылық бұзушылықтар, 52 807,2 мың теңге — рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.

Департамент анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау жөнінде мекемеге нұсқама берді. Қазіргі уақытта барлық қаржылық бұзушылықтар толық қалпына келтірілген.

Бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға заңнамаға сәйкес тәртіптік шаралар қолданылды.

Департамент мемлекеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуын және қаржылық тәртіптің сақталуын бақылауды жалғастырады, сондай-ақ аудит нәтижелерін қаржылық басқаруды жетілдіру және бұзушылықтардың алдын алу үшін пайдаланады.

Дата публикации
22 декабря 2025
Дата обновления
22 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы