Меню

Страницы

Статья

Қарағанды обылысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2025 жылдың 9 айындағы аудиторлық іс-шараларының қорытындысы.

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2025 жылдың 9 айында 32 аудиторлық іс-шара, оның 6-ы электрондық аудитпен, оның ішінде 2024-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 13 аудиторлық іс-шара және жоспардан тыс аудитпен 19 аудиторлық іс-шара өткізілді. Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы  9343,0млн.теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 1764,9млн.теңге өтелуге және қалпына келтіруге жатады.

            Қабылданған шаралармен 1146,3млн.теңге қалпына келтірілді және бюджетке өтелді, оның ішінде: есепке алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізу арқылы 1052,7млн.теңге қалпына келтіріліп, 93,6млн.теңге бюджетке өтелді.

            Аудиторлық іс-шараның нәтижесінде 35лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бес лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 0,8млн.теңге айыппұл салынды.

            Бұзушылықтардың басым бөлігі мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзу, еңбекақы төлеу, іс-сапар шығындары мен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу, бухгалтерлік есеп пен есеп беру кезіндегі бұзушылықтарға қатысты.

            Бұзушылықтардың себептері лауазымды тұлғалар тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, кей жағдайда бухгалтерлік қызметкерлердің біліктілігінің төмендігі, нормативтік құқықтық актілердің дұрыс қолданбауы, Мердігерлердің құрылыс нормаларын сақтамауы, мердігердің жұмысына тапсырыс беруші тарапынан тиісті бақылау мен бақылаудың болмауы, шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауы.

            Мысалы, «Осакаров ауданының білім бөлімі» ММ-де игерілген бюджет қаражатының Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігі мәселесі бойынша сәйкестік аудиті барысында 98,6млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда: жалпы сомасы 5,2млн.теңгеге еңбекақы төлеу бойынша бұзушылықтар, негізгі капиталдың құны 87,7млн.теңге сомасында есепке алынбаған; «Осакаров ауданы әкімдігінің Озерное ауылындағы № 13 орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеу» жобасы бойынша аяқталмаған құрылыс-монтаж жұмыстарына ақы төлеу 5,2 млн.теңге; жанар-жағар майларды негізсіз есептен шығару – 0,5млн.теңге.

            Сонымен қатар жалпы сомасы 486,2млн.теңгені құрайтын процессуалдық бұзушылықтар анықталды.

            Сондай-ақ, «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ-де ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген қаражатты жоспарлау және пайдалану бойынша сәйкестік аудиті барысында жалпы сомасы 117,0млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: жалпы сомасы 73,4млн.теңге субсидияларды негізсіз төлеу, өтініштер берілген сәттен бастап АБЖ ақпараттық базасында жануарларды сақтау мерзімдерін қамтамасыз етпеу фактілері – 28,6млн.теңге; Бюджеттік кредиттің нысаналы мақсатынан ауытқуы – 10,8млн.теңге, қарыз алушыларға шартта көзделген жауапкершілік шараларын қолданбау, берешек сомасынан 10% мөлшерінде айыппұл төлеу туралы талаптарды ұсынбау – 4,2 млн.теңге.

          Сонымен қатар жалпы сомасы 1857,9млн.теңгені құрайтын процессуалдық бұзушылықтар анықталды.

            Департаментпен тұрақты түрде заң бұзушылықтар сомасын толық өтеу және қалпына келтіру және кінәлілерді жазалау бойынша заңнамада көзделген барлық шараларды қабылдайды.

                                                                                        

Дата публикации
19 декабря 2025
Дата обновления
19 декабря 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы