Меню

Страницы

Статья

Қаржылық тәртіп бақылауда: есептілік бұрмалаушылықтары жойылды

   Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті профилактикалық бақылау аясында бақылау субъектісіне барып, Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы «Сәтбаев қаласының ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қызметіне тексеру жүргізді.

  Бақылау іс-шаралары барысында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында елеулі жүйелі бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, бас бухгалтер ауысқан кезде істерді қабылдау-тапсыру актісі ресімделмеген, бұл белгіленген талаптардың өрескел бұзылуы болып табылады. Сонымен қатар, мекемеде дебиторлық және кредиторлық берешектерге белгіленген тәртіппен түгендеу жүргізілмеген.

   Аталған кемшіліктер 2023 жылға арналған қаржылық есептілік көрсеткіштерінің бұрмалануына әкеп соқтырған. Нәтижесінде дебиторлық берешек сомасы негізсіз түрде 8 637,7 мың теңгеге, ал кредиторлық берешек 352,3 мың теңгеге ұлғайтылған, бұл қаржылық ақпараттың шынайылығына теріс әсер еткен.

    Сондай-ақ 2023 жылға арналған қаржылық есептілік қаржылық есептілік депозитарийіне уақтылы орналастырылмағаны анықталды. Бұған аяқталмаған қаржылық есептіліктің болуы және белгіленген мерзімде аудиторлық есептің жасалмауы себеп болған.

  Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша тиісті ықпал ету шаралары қабылданды. Дебиторлық және кредиторлық берешектерге салыстыру жүргізіліп, анықталған бұрмалаушылықтар жойылды. Бухгалтерлік анықтамалар арқылы қаржылық есептілік көрсеткіштері түзетіліп, берешектер нақты деректерге сәйкестендірілді. 2023 жылға арналған аудиторлық есеп дайындалып, қаржылық есептілік депозитарийіне белгіленген тәртіппен орналастырылды.

    Жүргізілген жұмыс қаржылық есептіліктің шынайылығын қалпына келтіруге және медициналық ұйым қызметіндегі қаржылық тәртіп деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

Дата публикации
19 декабря 2025
Дата обновления
19 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы