Меню

Страницы

Статья

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2025 жылғы 11 айындағы әкімшілік практикасының қорытындылары

ҚР ҚМ ІМАК Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен салынған әкімшілік айыппұлдардың сомасын бюджет кірісіне өтеу бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі.

 

2025 жылдың 11 айындағы қорытындысы бойынша - 394 әкімшілік хаттама, оның ішінде Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘҚБтК) 207-бабы мемлекеттік сатып алу туралы Заңнаманы бұзу бойынша 183 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 238, 239-баптары бойынша бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзғаны үшін 115 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 233-бабы жеке кәсіпкерлермен бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны үшін 5 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 250-бабы мiндеттi аудит жүргізуден жалтару не оны жүргiзуге кедергi келтiру бойынша 31 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау бойынша 60 хаттама толтырылған.

ҚР ҚМ ІМАК Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2025 жылғы 11 айда жалпы сомасы 49 798 780 теңгеге айыппұл салынды, оның ішінде 48 953 400 теңге өндіріп алынды.

Департамент ҚР ӘҚБтК-нің 810 және 811-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізуді белсенді түрде қолданады, бұл әкімшілік іс қозғалған тұлғаға қатысты санкцияда көрсетілген соманың елу пайызы мөлшеріндегі айыппұл сомасын жеті тәулік ішінде төлеуге мүмкіндік береді.

 

Дата публикации
18 декабря 2025
Дата обновления
18 декабря 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы