Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Онлайн бюджеттік мониторинг" модулі арқылы жалақы төлеудің жүргізілген мониторингінің нәтижелері

Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде бюджет қаражатының пайдаланылуын «Онлайн-бюджеттік мониторинг» модулін қолдана отырып, нақты уақыт режимінде бақылау жалғасуда.

«Онлайн-бюджеттік мониторингі» модулі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және туризм салаларында қолданылады. Ол нақты уақыт режимінде бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын, соның ішінде еңбекақы төлеуді бақылауға мүмкіндік береді.

Ерекше назар қызметкерлерге негізсіз төлемдерді бүркемелеп,жалақы ретінде карт-шоттарға аударымдарды талдауға аударылады.

Тексерулер тәуекелдердің бар екенін бірқатар жағдайда көрсетті,бұл цифрлық мониторингті әрі қарай дамыту қажеттілігін дәлелдейді. Кешенді тәсіл мен заманауи технологиялар бюджет қаражатын бақылауды анағұрлым тиімді әрі ашық етеді.

Осылайша,Департамент 2025 жылғы 1 қаңтардан 26 қарашадағы дейінгі кезеңде ОБМ арқылы еңбекақы төлемдерін мониторнгтеу жүргізіп, барлығы  6110 тәуекелді төлем (2069 жеке тұлғаға) бойынша барлығы 405 ден қою хаттары (хабарламалар) жолданды.

Бүгінгі күнге дейін бақылау нысандары бюджетке жалпы сомасы  58 млн 315 мың теңгеге қайтарды, оның ішінде:

- білім беру саласында-жалпы сомасы 56 млн. 078 мың теңгеге;

- дене шынықтыру және спорт саласында-жалпы сомасы 785 мың 396 теңгеге;

- мәдениет саласында-жалпы сомасы 1 млн 225 мың теңгеге;

- денсаулық сақтау саласында- жалпы сомасы 226 мың 935 теңгеге.

Департамент мониторинг нысанының хабарламаны орындамаған және жоғары тәуекелдерді сақтаған жағдайында мемлекеттік аудит тағайындалады, оның қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

 

 

 

Дата публикации
15 декабря 2025
Дата обновления
15 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы