Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласындағы №69 мектепте жалақы төлеу кезінде 139 миллион теңгеден астам сомаға бұзушылықтар анықталды

  Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Алматы қаласы Білім басқармасының «№69 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты электрондық аудит жүргізді. Тексеру 2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңді қамтыды және азаматтардың мектеп қызметкерлеріне жалақы төлеудің негізділігіне қатысты өтініштеріне байланысты, сондай-ақ «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулі арқылы анықталған тәуекелді төлемдер негізінде тағайындалды.

     Аудит нәтижесінде жалпы сомасы 139,3 миллион теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда:

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына және мекеменің 2023 жылғы 6 қазандағы № ЛС 2023-10-04 бұйрығына қайшы түрде 484,5 мың теңге мөлшерінде негізсіз сыйақы есептелген;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 103-бабы 1-тармағы мен Бюджет кодексінің 97-бабы 6-тармағына сәйкес келмейтін, фактілі түрде орындалмаған жұмыс уақыты үшін 138 369,0 мың теңге көлемінде негізсіз жалақы төлемдері жүргізілген;
  • Сонымен қатар, 468,6 мың теңге мөлшерінде негізсіз жалақы есептеуі анықталған.

      Аудит барысында сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану кезінде заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды. Мектеп директорының өзіне тиесілі ЭЦҚ-ны бас есепшіге тапсырғаны белгілі болды. Бұл – заңға қайшы әрекет, себебі ЭЦҚ – дербес қолдануға арналған құрал және үшінші тұлғаларға берілмеуі тиіс.

      Аудит қорытындысында көрсетілгендей, аталған бұзушылықтар басшылық тарапынан тиісті ішкі бақылаудың болмауының салдары болып отыр. Еңбек және бюджеттік заңнаманың сақталмауы мемлекеттік бюджетке елеулі залал келтіруге алып келген. Сонымен қатар, ЭЦҚ-ны басқа тұлғаларға беру – электрондық құжаттарға, соның ішінде қаржылық құжаттарға бақылаусыз қол қою қаупін тудырған.

      Аудит нәтижесі бойынша бұзушылықтарды жою және жауапты тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданды. Аудит материалдары құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін берілді.

      Сондай-ақ, аудит материалдары Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (ӘҚБтК) аясында әкімшілік іс қозғау мәселесін қарау үшін жолданды.

     Департамент Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «№ 69 жалпы білім беретін мектеп» КММ-не қатысты анықталған бұзушылықтарды жоюды және жергілікті бюджетке 138,9 млн. теңге көлеміндегі залалды өтеуді міндеттеу туралы талаппен сотқа жүгінді.

      Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты істің материалдарын қарап, талапты толық көлемде қанағаттандырды. Сот Департамент талаптарының заңдылығын анықтап, нұсқаманы толық орындау қажеттігі жөнінде қорытындыға келді.

Дата публикации
12 декабря 2025
Дата обновления
12 декабря 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы