Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі-Департамент) тұрақты негізде мемлекеттік сатып алу объектісіне бармай-ақ камералдық бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы алынған мәліметтерді салыстыру жолымен аудит жүргізеді.
Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалғанға дейін жүргізіледі.
2025 жылдың 10 айында камералдық бақылау бөлімі жалпы сомасы 382,5 млрд.теңгеге 22 852 Мемлекеттік сатып алуды (лоттарды) қамтыды.
Департамент 2025 жылдың 10 айында қамтылған мемлекеттік сатып алулардан (лоттардан) жалпы сомасы 28,8 млрд.теңгеге 1807 лот бойынша бұзушылықтар белгіледі. Барлық белгіленген бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің атына камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жіберілді.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтың негізгі түрлері: конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде демпингтік бағаны заңсыз айқындау болып табылады; Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін заңсыз қолдану, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандартты көрсетпеу, қазақ тілінде техникалық ерекшеліктің болмауы, сатып алуды өткізу кезінде лицензияны (рұқсатты) көрсетпеу, әлеуетті өнім берушілерге заңда көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу.