Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтері республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кідіріссіз қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында құрылады.
Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген бюджет қаражатын аударудың дұрыстығы мен негізділігі мәселесі бойынша ішкі мемлекеттік аудит жүргізді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтері қатаң нысаналы мақсатқа ие және осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтен ақша бөлу туралы шешімдерінде көзделмеген мұқтаждарға пайдаланыла алмайды.
Аудит барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 33,6 млн. мың теңге сомасында бөлінген ақшаның бір бөлігі нысаналы мақсаты бойынша және Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтен ақша бөлу туралы шешімдерінде көзделмеген мұқтаждықтарға пайдаланылғаны анықталды.
Төмен тұрған бюджеттің бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасы әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен бюджет түсімдері сыныптамасының тиісті кодынан жоғары тұрған бюджет резервінен алынған пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды жүзеге асырады.
Бұдан басқа, мекеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 7,4 млн. мың теңге сомасында бөлінген ақшаның (үнемдеудің) пайдаланылмаған бөлігін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етпегені анықталды.
Аудит объектісі ақшалай қаражатты республикалық бюджетке аудару жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтаруды жүргізді.