Меню

Страницы

Статья

Қадағалау іс-шараларының нәтижелері бойынша қолданылған әкімшілік шаралар

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2025 жылғы 1 желтоқсанда жүргізілген аудиттік іс-шаралар, өтініштерді қарау, сондай-ақ уәкілетті органдардың материалдарын талдау нәтижелері бойынша қолданылған әкімшілік шаралардың қорытындыларын шығарды. Аталған іс-шаралар барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың, сондай-ақ бухгалтерлік есеп нормаларының бұзылуы анықталды.

Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша 405 әкімшілік іс қозғалып, олар бойынша 48 545,72 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 48 545,72 мың теңге өндіріліп, төленді, бұл салынған айыппұлдардың жалпы сомасының 100%-ын құрайды.

Әкімшілік жауапкершілік қызметтік міндеттерін орындау барысында құқық бұзушылықтарға жол берген 163 лауазымды тұлғаға және 31 заңды тұлғаға қолданылды. Олардың қатарында бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану, мемлекеттік сатып алуды жүргізу, бухгалтерлік есепті жүргізу үшін жауапты мемлекеттік органдар мен ведомстволық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзған қоғамдық мүдделі ұйымдар бар.

Салынған айыппұлдар мынадай фактілерге байланысты құқық бұзушылықтардың жүйелі сипатын көрсетеді:

  • мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде рәсімдер мен талаптардың сақталмауы;

  • қаржылық есептілікті дайындау барысында жіберілген қателер мен бұрмалаулар;

  • қоғамдық мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілікті уақтылы орналастырмауы.

Кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту жұмысы Департамент қызметінің маңызды бөлігі болып табылады және ол қаржылық тәртіпті нығайтуға, басқарушылық процестердің ашықтығын арттыруға, сондай-ақ қайталанатын бұзушылықтар қаупін азайтуға бағытталған.

Департамент алдын алу іс-шаралары кешенін жүзеге асыруды жалғастыруда, сондай-ақ өз құзыреті шеңберінде аудиттік процедураларды жүргізуде, бұл бюджет қаражатын заңды пайдалануын қамтамасыз етуге бағытталған.

Дата публикации
05 декабря 2025
Дата обновления
05 декабря 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы