Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығымен Жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілікті депозитарийге тапсыру қағидаларына сәйкес, жария мүдделі ұйымдардың (бұдан әрі-мәтін бойншы-ЖМҰ) қаржылық есептілікті депозитарийге (бұдан әрі-мәтін бойншы-Депозитарий) ұсыну тәртібі айқындалған.
Аталған Қағидалардың күшіне орай, «Ақпараттық есеп орталығы» АҚ-ына қаржылық есептілікті уақтылы немесе тиісінше тапсырмағаны үшін заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі-мәтін бойншы-ӘҚБтК) 239 және 250-баптарымен көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
2025 жылдың 4-тоқсанында Шығыс Қазақстан облысы бойыншы Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі-мәтін бойншы-Департамент) жалпы сомасы 10 832,7 мың теңге болатын 74 әкімшілік хаттама түзілді, олардың 40 Депозитарийге есептілікті ұсынбау немесе уақтылды ұсынбау және міндетті аудитті жүргізуді қамтамасыз етпеу немесе оған кедергі келтіру фактілеріне 34 әкімшілік хаттама түзілді.
Бүгінгі күні 7 962,3 мың теңге немесе 73,5%-ы өндірілді, қалған әкімшілік айыппұлдардың орындалу мерзімі әлі келмеген.
Аталған заңнама бұзушылықтарының алдын алу мақсатында Департамент ЖМҰ тұрақты негізде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын зерделеу бойыншы хаттар жолдады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзұға жол бермеу қажеттігін ескертеді, келесі жылдары тәуекел дәрежесін бағалау және бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізімін қалыптастыру кезінде профилактикалық бақылау жүргізілетін болады.