Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2025 жылдың 11 айына әкімшілік және сот тәжірибесінің нәтижелері

     

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті өз кұзіреті шегінде Қазақстан Республикасы Кодексінің «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі- Кодекс) 722 бабына сәйкес аудит материалдары, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдардан материалдары бойынша әкімшілік істерді қарап хаттамалар толтырады.

           Сонымен, 207-бап бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін 10-нан 100 АЕК-ке дейін (айлық есептік көрсеткіш), қайталанған жағдайда 200 АЕК;

         Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзғаны үшін 238, 239-баптар бойынша жеке тұлғалар, лауазымды тұлғалар, заңды тұлғаларға 100 АЕК мөлшерінде, қайталанған жағдайда 200 АЕК және 1000 АЕК дейін айыппұл салуға әкеп соғады..

        -250-бап бойынша міндетті аудит жүргізуден жалтарғаны үшін шағын 15 АЕК, орта – 20 АЕК, ірі-200 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады; 

            Департаментпен Кодекстің 462-бабының 3-бөлігі бойынша хаттама толтырып, ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарау үшін әкімшілік істер сотқа жіберіледі, онда заңды талаптарды немесе нұсқамаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін лауазымды тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

        Айта кету керек, жоғарыда аталған құқық бұзушылықтар Кодекстің 810, 811 бабына сәйкес, қысқартылған тәртіпке қаралуы мүмкін, бұл норма 7 (жеті) тәулік ішінде айыппұл сомасын аталған санкциясының 50% (елу пайызы) мөлшерінде айыппұл төлеу құқығын белгілейді. Мұндай құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады, яғни Департаментпен Кодексте көрсетілген айыппұлдың толық сомасына қаулы шығарылады.

        2025 жылдың 11 айына Департаментте барлығы 601 әкімшілік хаттамалар тіркеліп, оның ішінде: 559 материал қаралып әкімшілік айыппұлдар салынған, 42 материал сотқа берілген.

Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 79,0 млн. теңгеге айыппұл салынып, 70,8 млн. теңгесі өндірілді, өндірілген пайызы 90,0 % пайызды құрайды, қалған- 8,2 мың. Теңге, оның 4,1 мың теңгеге өндірілмеген сома мәжбүрлеп орындау үшін жеке сот орындаушыларға берілді, қалғаны бойынша төлеу мерзімі бар.

          Департаментпен 2025 жылдың 11 айына аудиторлық іс шаралар қорытындысымен 13 талап арыз беріліп, ол қаралуда, Департаментке берілген талап арыздар жоқ.        

Департаментпен мекеме басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңнама нормалары мен талаптардың қатаң сақталуы түсіндірілді

Дата публикации
02 декабря 2025
Дата обновления
02 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы