Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысының 10 айлық онлайн бюджеттік мониторингінің нәтижелері жарияланды

Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының тиімді, ашық және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты онлайн-мониторингті жалғастыруда. Бұл жұмыс қаржылық тәртіпті күшейту, тәуекелдерді дер кезінде анықтау және бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол бермеу мақсатында жүргізіледі.

2025 жылдың қаңтар–қазан айлары аралығында Департамент тарапынан жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асатын тәуекелді төлемдер бойынша 831 хабарлама жолданды. Рискті операциялардың негізгі бөлігі білім беру саласына тиесілі — 2 998,7 млн теңге. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласында — 18,5 млн теңгеге, спорт саласында — 15,1 млн теңгеге, мәдениет саласында — 17,7 млн теңгеге тәуекелді төлемдер анықталды.

Қазан айында Жаңақорған ауданының білім беру ұйымдарында бюджет қаражатын негізсіз аудару фактілері анықталды. Бұл бұзушылықтар қаржылық операциялар тәртібінің сақталмауымен және бақылаудың жеткіліксіздігімен байланысты болды. Жүргізілген талдау мен аудит нәтижелері бойынша Департамент тиісті тәуекелді төлемдер туралы хабарламалар жолдады.

Нәтижесінде негізсіз аударылған барлық қаражат толық көлемде мемлекеттік бюджетке қайтарылды.

Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға заңнамаға сәйкес тәртіптік шаралар қолданылды. Бұл олардың жеке жауапкершілігін арттыруға және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеуге бағытталған.

Жыл басынан бері анықталған негізсіз төлемдердің жалпы көлемі 130,8 млн теңгені құрады. Оның 120 млн теңгесі мемлекеттік бюджетке және білім беру ұйымдарының шоттарына қайтарылды. Бұл бюджет қаражатын пайдалану бойынша уақтылы әрекет ету мен бақылаудың тиімділігін көрсетеді.

Атқарылған жұмыс нәтижелері Департаменттің бюджет тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуге, тәуекелді операцияларды дер кезінде анықтауға және қаржылық заңнаманың бұзылуына жол бермеуге бағытталған жүйелі жұмысының жоғары тиімділігін дәлелдейді. Бұл мемлекеттік қаражаттың негізді және мақсатты пайдаланылуына ықпал етеді.

Дата публикации
02 декабря 2025
Дата обновления
02 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы