Меню

Страницы

Статья

Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2025 жылғы Профилактикалық бақылаудың қорытындысын шығарды

2025 жылы Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бақылау субъектілеріне бару арқылы 7 профилактикалық бақылау жүргізді, оның ішінде:

  • 3 тексеріс – жария мүдделі ұйымдарда «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуы мәселелері бойынша;
  • 4 тексеріс – «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуы бойынша, оның ішінде 3 жеке аудиторлық ұйым және 1 аудиторлық ұйымдар палатасы.

Профилактикалық бақылаулардың нәтижелері бойынша жария мүдделі ұйымдарда қаржылық есептілікті қаржылық есептілік депозитарийіне тапсырмау фактілері анықталды. Осы деректер бойынша Департамент әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырды. Бұдан бөлек, бақылау субъектілерінің бірінде есеп саясатының қалыптастырылмағаны анықталды, бұл заңнама талаптарына қайшы келеді және қаржылық есептіліктің бұрмалану қаупін арттырады, ішкі бақылау жүйесін әлсіретеді және қаржылық ақпараттың ашықтығын төмендетеді. Сондай-ақ синтетикалық шоттарда шаруашылық операциялардың екі рет жазу тәсілімен көрсетілмеу жағдайлары тіркелді, бұл активтердің қозғалысына бақылау жүргізуді қиындатады және талдамалы есептің дұрыс жүргізілуіне кедергі келтіреді.

Бірқатар аудиторлық ұйымдарда тоқсан сайынғы және жыл сайынғы есептерде дәйексіз деректер беруді, сондай – ақ арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібін сақтамауды қоса алғанда, бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда, уәкілетті органдарға аудиттің белгіленген мерзімдерде басталғаны туралы хабарланбаған, бұл әкімшілік жауапкершілікке әкелді.

Аудиторлық ұйымдар палатасының қызметіне қатысты – оған қарасты ұйымдарда сапаны бақылаудың уақытылы жүргізілмеу фактілері анықталды, бұл аудит стандарттарының және Этикалық кодекстің талаптарының сақталмауына алып келді. Бұл дұрыс емес аудиторлық қорытындылар беру қаупін арттыратынын атап өткен жөн.

Департамент бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық бақылауды және мониторингті жалғастырады, сондай-ақ қаржылық есептіліктің сапасын арттыру үшін өз құзыреті шегінде шаралар қабылдайтын болады.

Дата публикации
28 ноября 2025
Дата обновления
01 декабря 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы