2025 жылдың есепті кезеңінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті білім беру ұйымдарында 13 аудиторлық іс-шара жүргізді.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша жалпы сомасы 650,2 млн. теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 34,6 млн. теңге бюджетке өтеуге жатады, 615,6 млн. теңге қалпына келтіруге және есепке алу бойынша көрсетуге жатады. Сондай-ақ жалпы сомасы 1,86 млрд. теңгені құрайтын рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Есепті күнге 649 млн. теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар немесе 99,8% жойылды.
Жіберілген бұзушылықтар үшін 19 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6,9 млн. теңге айыппұл салынды, ол толық көлемде бюджетке өндірілді. Сондай-ақ 20 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.