Меню

Страницы

Статья

№8 Қалалық емхананың аудит нәтижелері

2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті №8 Қалалық емханасына сәйкестік аудитін жүргізді.

Аудит нәтижесінде емханада бюджет және өзге де заңнама талаптарының шамамен 1,1 млрд теңге сомаға бұзылғаны анықталды, оның ішінде 995,6 млн теңге – қаржылық бұзушылықтар, 116,9 млн теңге – рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.

Аудит барысында емхана әкімшілігі тарапынан таратылған «Достық» алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығынан берілген негізгі құралдардың бухгалтерлік есеп жүйесінде тиісінше көрсетілмегені анықталды.

Нәтижесінде жалпы сомасы 971,7 млн теңге болатын мүлік уақытылы және дұрыс есепке алынбаған. Бұл бухгалтерлік тәртіптің тиісті деңгейде сақталмағанын көрсетеді және мекеменің активтерін басқарудың ашықтығын төмендетеді.

Сондай-ақ заңсыз сыйақы төлеу, қызметкерлерге еңбекақыны артық төлеу және мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзу фактілері анықталды.

Аудит қорытындысы бойынша медициналық ұйымға анықталған бұзушылықтарды жою және оларды жіберген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданды.

Бүгінгі күні нұсқама толық көлемде орындалды: бухгалтерлік есепте негізгі құралдар есепке алынды және 993,6 млн теңге мөлшерінде амортизация есептелді, бюджет кірісіне 2 млн теңге өтелді.

Жіберілген бұзушылықтар үшін емхананың директорының орынбасары тәртіптік жаза ретінде сөгіс алды, бас бухгалтер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дата публикации
27 ноября 2025
Дата обновления
01 декабря 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы