Меню

Страницы

Статья

№5 Қалалық емхана аудитінің нәтижелері

2025 жылға арналған Мемлекеттік аудит нысандары тізбесіне сәйкес, Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті №5 Қалалық емханасына сәйкестік аудиті жүргізілді.

Аудит нәтижелері бойынша емханада бюджеттік және өзге де заңнамаларды бұзу деректері анықталды, жалпы сомасы 284,6 млн теңге, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 3,7 млн теңге, ал процедуралық сипаттағы бұзушылықтар – 280,9 млн теңге.

Аудит барысында қызметкерлерге негізсіз сыйақы төлеу, бекітілген бензин шығын шектерін асыра пайдалану, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізу ережелерінің кейбір бұзылуы фактілері анықталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу барысында бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін заңсыз қабылдамау және тауарларды сатып алу кезінде ұлттық және халықаралық стандарттар көрсетілмеген.

Медициналық ұйымға анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданды.

Қазіргі уақытта нұсқама толық көлемде орындалды. Есепке алу арқылы 2,6 млн теңге қалпына келтірілді, поликлиника кірісіне 1,1 млн теңге өндірілді.

Бұзушылықтар үшін 3 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 2 жауапты қызметкерге ескерту түрінде тәртіптік жазалар қолданылды.

Дата публикации
27 ноября 2025
Дата обновления
01 декабря 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы