Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) Т.-ның өтініші негізінде "Меңдіқара ауданының Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-де (бұдан әрі - Мекеме) өтінішінде көрсетілген дәлелдерді ескере отырып, Михайлов ауылдық округі әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара өткізілді.
Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша бюджетке қайтаруға жататын 0,437 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда Мекеме Жалға алушының жайы бойынша коммуналдық қызметтерді негізсіз төледі, сондай-ақ Мекеме Жалға алушыдан 2024 жылғы 01.06. №1 келісімшарт бойынша жалға берілген жайы үшін жалдау төлемді алмаған.
Сонымен қатар, Мекеме жалға берілетін (жалдау) мемлекеттік мүлікті тапсырып беру қағидаларының рәсімін сақтамай 2024 жылғы 01.06. №1 мемлекеттік мүлікті өтеусіз жалға беру келісімшартын жасады.
Аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектісі нұсқаманы толық көлемінде орындады, бюджетке 0,437 млн теңге қайтарды.
Департамент Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің атына лауазымды тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы материалды жіберді.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысын қарау нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңесімен мемлекеттік қызметке кір келтірген тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін лауазымды тұлғаны жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жаупкершілікке тарту ұсынылды.
Қостанай облысы бойынша
Iшкi мемлекеттiк аудит департаментi