2025 жылдың 9 ай бойынша орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және полиция департаменттердің Ішкі аудит қызметтімен 385 аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Аудиторлық іс-шаралар аясында 2 265,1 млрд теңге бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтер қамтылды.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларының бұзылуы 177,2 млрд теңге сомасында анықталды, бұл қамтылған қаражаттың 7,8%-ын құрайды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 22,8 млрд теңге, процедуралық бұзушылықтар – 154,3 млрд теңге.
Қабылданған шараларының нәтижесінде 19,1 млрд.теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар жойылды.
Аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 354 шешім енгізілді.
Анықталған заң бұзушылықтары үшін 412 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 154 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 31 аудит материалы құқық қорғау органдарына жолданды.
191 материал сапа бақылауымен қамтылды, оның нәтижелері бойынша МАҚБ стандарттарына сәйкес – 7 материал, МАҚБ стандарттарына сәйкес ескертпелермен – 175 материал, МАҚБ стандарттарға сәйкес емес – 9 материал деп танылды.