Меню

Страницы

Статья

Ішкі аудит қызметтерімен семинар өтті

2020 жылғы 17 қыркүйекте Ішкі мемлекеттік аудит комитеті  бейнеконференция байланысы арқылы мемлекеттік аудит саласында оқыту және халықаралық сертификаттар алу тәртібін талқылау бойынша семинар - кеңес өткізді, онда сондай-ақ орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың және ҚР ІІМ полиция департаменттері ішкі аудит қызметтерінің 2020 жылғы 1 жарты жылдығы үшін жұмыс қорытындылары және шоғырландырылған қаржылық есептілікке аудит жүргізу тәртібі талқыланды.

Семинар-кеңеске ІАҚ, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, ҚР ҚМ бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің, Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ EY Бизнес Академиясы, ACCA Global компаниясы, «Қаржы академиясы» АҚ және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы сияқты Кәсіптік оқыту және біліктілікті арттыру қызметтерін ұсынатын бірқатар компаниялар қатысты.

Аталған семинар-кеңесте мемлекеттік аудит саласында оқыту және халықаралық сертификаттар алу тәртібі, 2020 жылғы 1 жарты жылдығы үшін ІАҚ-ның жұмыс қорытындыларын талқылау, сондай-ақ шоғырландырылған қаржылық есептілікке аудит жүргізу тәртібі жөніндегі мәселелер талқыланды.

Семинар-кеңестің нәтижелері бойынша барлық ІАҚ өз қызметіндегі кемшіліктерді жою және оларды олдырмау жөнінде ұсынымдар берілді, сондай-ақ қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезінде Комитет және ІАҚ өзара іс-қимыл регламентінің жобасын қарау және оған ұсыныстар енгізу ұсынылды.

Дата публикации
22 сентября 2020
Дата обновления
22 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы