Меню

Страницы

Статья

Жезқазған әкімдігінде негізсіз берілген сыйақылар: аудит миллиондаған теңге көлеміндегі заңбұзушылықтарды анықтады

   Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Жезқазған қаласы әкімі аппаратының қызметіне тексеріс жүргізді. Тексеріс прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл регламенті аясында облыстық прокуратураның тапсырмасы негізінде ұйымдастырылған. Аудит қорытындылары айтарлықтай нәтижелер көрсетті: мемлекеттік қызметкерлерге ондаған миллион теңге көлемінде негізсіз сыйақылар берілгені анықталды.

        Мамандардың анықтауынша, 2022–2024 жылдар аралығында әкімдік қызметкерлерінің бірқатары ауыл әкімдерін сайлау мен республикалық референдумдарды өткізуге «белсенді қатысқаны үшін» бірден үш айлық жалақы көлемінде, жалпы сомасы 22,9 миллион теңге сыйақы алған. Алайда бұл жұмыстар олардың қызметтік міндеттеріне тікелей кіреді, сондықтан мұндай төлемдер заңды негізге ие бола алмайды.

        Аудиторлар ерекше назар аударған тағы бір жайт — 2023 жылы Жезқазған қаласының күніне орай төленген сыйақылар. Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу қағидаларына сәйкес, Қала күні ресми мерекелік күндер қатарына кірмейді, соған қарамастан, аппарат қызметкерлеріне 13 миллион теңгеден астам сыйақы бөлінген.

        Сол сияқты, 2022 жылы да қызметкерлерге 8,8 миллион теңге көлемінде сыйақы негізсіз берілген. Бұйрықтарда қызметтік көрсеткіштер немесе мерекелік күндер жөнінде ешқандай сілтеме болмаған, бұл да белгіленген қағидаларға қайшы келеді.

        Барлық анықталған бұзушылықтар Департамент мамандарының қорытындысында көрсетіліп, тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды.

        Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мен прокуратура органдарының бірлескен жұмысы мемлекеттік қаражаттың мақсатты әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз етудегі өзара іс-қимылдың тиімділігін тағы бір дәлелдеді.

Дата публикации
05 ноября 2025
Дата обновления
05 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы