Меню

Страницы

Статья

Аудит Ұлытау ауданының Жастар ресурстық орталығындағы заңбұзушылықтарды анықтады

  Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Ұлытау ауданының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сәйкестік аудитін жүргізді. Аудиттің мақсаты — бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін және бухгалтерлік есеп пен мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың сақталуын бағалау болды.

    Аудит барысында қаржылық тәртіптің көптеген бұзушылықтары анықталды. Атап айтқанда, жалпы сомасы 762,7 мың теңгені құрайтын еңбекақы, сауықтыру жәрдемақылары мен іссапар шығындарын артық және негізсіз төлеу фактілері тіркелді. Сонымен қатар, 264,0 мың теңге көлеміндегі сыйақылар бір айдан аз жұмыс істеген және тәртіптік теріс қылығы бар қызметкерлерге төленгені анықталды.

     Бухгалтерлік есеп жүргізуде де қателіктер жіберілген. Аудиторлар 364,5 мың теңге көлеміндегі бұрмаланған қаржылық есептілікті, сондай-ақ 590,3 мың теңге сомасындағы тауарлы-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігін анықтады. Бұл деректер ішкі бақылаудың әлсіздігін және қаржы басқарудағы ашықтық қағидаттарының сақталмауын көрсетеді.

    Сонымен қатар, тексеру барысында мекеме мемлекеттік сатып алулар саласында адал емес жеткізушіні тану туралы сотқа талап арыз беру жөнінде шаралар қабылдамағаны анықталды, бұл өз кезегінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы тікелей бұзу болып табылады.

   Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1 617,0 мың теңге көлеміндегі барлық қаржылық бұзушылықтар толық көлемде бюджетке өтелді.

   Мекеме басшысының міндетін атқарушы мен бас бухгалтерге қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, 452,1 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, ол да толық көлемде өндірілді.

    Жүргізілген аудиттің нәтижесі көрсеткендей, бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау формалды емес, тұрақты әрі жүйелі үдеріс болуы тиіс. Тек қаржылық тәртіпті қатаң сақтау арқылы ғана мемлекеттік институттарға, әсіресе жастармен жұмыс саласындағы ұйымдарға деген сенімді және ашықтықты қамтамасыз етуге болады.

Дата публикации
04 ноября 2025
Дата обновления
04 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы