Меню

Страницы

Статья

Аудиторлар қорытынды жасады: бюджетке 1,8 миллиард теңге қайтарылды

Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан 2025 жылдың тоғыз айында 21 аудиттік іс-шара өткізілді. Тексеру барысында 7 миллиард 882 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатының пайдаланылуы қаралды. Аудиторлық тексеру нәтижесінде 3 миллиард 190 миллион теңге сомасында бюджет және өзге де заңнамалардың бұзылуы анықталды.

Оның ішінде 2 миллиард 235 миллион теңге – қаржылық бұзушылықтар, ал 955,2 миллион теңге – рәсімдік сипаттағы заңбұзушылықтар. Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы сақтамау фактілері 99,3 миллион теңгеге жетіп, оның 97,1 миллионы тікелей өткізілген тендерлердің нәтижесіне әсер еткен.

Дегенмен қабылданған шаралардың арқасында әділдік біршама қалпына келтірілді: бюджетке 1 миллиард 815 миллион теңге көлемінде қаражат қайтарылды.

Аудит қорытындысы бойынша 19 нұсқама беріліп, 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 22 әкімшілік хаттама толтырылып, 3 миллион теңге көлеміндегі айыппұлдар толық көлемде өндірілді.

Құқық қорғау органдарына заң бұзушылықтар сомасы 15,8 миллион теңге болатын екі материал жолданып, олардың негізінде екі қылмыстық іс қозғалды, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл нәтижелер тағы бір рет дәлелдейді: мемлекеттік аудит – формалдылық емес, азаматтар мен бюджет мүдделерін қорғаудың нақты тетігі. Себебі бюджетке қайтарылған әрбір теңге – ашықтыққа, жауапкершілікке және әділдікке жасалған нақты қадам.

Дата публикации
04 ноября 2025
Дата обновления
04 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы